Жыл басынан бері 97 млрд теңге әлеуметтік төлем төленді

cover

2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында мемлекеттік әлеуметтік төлемдерге республикалық бюджеттен 97 млрд бөлінді. Оның 77 млрд-ы мүгедектігі бойынша, ал 20,5 млрд асыраушысынан айрылғандарға.

Бұл туралы Orda.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 524,3 мың адамды құрайды, асыраушысынан айрылу жағдайында - 168,8 мың адам.

2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 49 502 теңге, асыраушысынан айрылу жағдайында 41 369 теңге болды.

2021 жылы қаңтарда республикалық бюджеттен 32,1 млрд теңге төленді. Оның ішінде 25,4 млрд теңге мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдер төленді, ал 6,7 млрд теңге асыраушысынан айрылғаны үшін төленді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар