Жыл басынан бері 34 бала суға батып кеткен

cover

Қазақстанда жыл басынан бері ересектердің қарауынсыз қалған 34 баланың өлімі тіркелді. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13 жағдайға, немесе 67%-ға көп.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімшелер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов:

– 14 бала өзенге, 6-ы каналға, 4-і көл мен жасанды су қоймаларына, 2-і еріген су жиналатын ойпатқа, 1-і тоғанға, 1-і шұңқырға, 1-і су қоймасына батып кетті. Бұл жағдайлардың көпшілігі Түркістан облысында тіркелген. Онда жыл басынан бері 8 баланың өлімі орын алған.

Өңірлерде шомылуға рұқсат етілген 469 орын анықталды, оның 118 коммуналдық және 275 жеке жағажайлар.

Сондай-ақ, жыл басынан бері өртте 17 бала қайтыс болды, 17-сі жарақат алды. Көміртегі тотығынан уланудан бес бала қайтыс болды, 84 бала уланған.

Биылдың өзінде балалардың терезеден құлауына байланысты 27 жағдай тіркелді. Бес бала қайтыс болды, 10-ы ауыр, 12-сі орташа ауыр халде ауруханаға түскен.

Сонымен қатар, 2021 жылы жол-көлік оқиғаларында балалардың қайтыс болу коэффициенті 30% -ға төмендеп, 28 жағдай тіркелген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар