Журналистерге президент атынан пәтер сертификаттары табыс етілді
Бір топ БАҚ қызметкері кәсіби мерекелеріне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан пәтер сертификаттарын алды, деп хабарлайды Orda.kz. тілшісі Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
БАҚ қызметкерлеріне баспана сертификаттарын Президенттің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және «Дара» қорының президенті Әсел Шілдебаева табыс етті.
«Журналистер мемлекеттік қызметші немесе бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері болмағандықтан баспанамен қамтамасыз ететін бағдарламарға ілікпейтіндеріне жиі шағымданады, Пәтерлерді еліміздің дамуы мен президент жүргізіп жатқан реформаларды нақтылауға сүбелі үлес қосып жүрген журналистер алатынын ерекше атап өткім келеді. Баспанаға шын мұқтаж журналистер пәтер иесі атанады. Оның ішінде 21 пәтер көп балалы отбасыларға берілді. Тағы бесеуі жалғыз өзі бала тәрбиелеп отырған аналарға арналған. Оған мүмкіндігі шектеулі адамдары бар 11 отбасы ілікті. БАҚ қызметкерлері күніне орай пәтер алғандардың арасында жатақханада тұратын отбасылар да бар. Бұл тәжірибе жалғасын табады. Біз журналистер мен олардың отбасыларына баспана мәселесін шешуге көмектесіп жатқанымызға қуаныштымыз», - деді Берік Уәли.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекет әлеуметтік жобаларға жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.
«Мемлекет басшысы тұрғын үй мәселесіне үлкен көңіл бөлуде, қолжетімді баспана бойынша түрлі әлеуметтік жобалардан бөлек, қазақстандықтардың бір миллион үш жүз мыңнан астам азаматы өздерінің жинақталған зейнетақы қаражатын тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсағанын ұмытпауымыз керек. Бұл мемлекет өз азаматтарына көмек көрсететін теңдессіз механизмі», - деді министр Аида Балаева.
Өткен жылы Мемлекет басшысы атынан БАҚ қызметкерлеріне бір және екі бөлмелі 65 пәтер кілті табыс етілді.
Биыл 67 пәтер бөлінді, оның ішінде 13 үш бөлмелі, 45 екі бөлмелі, 9 бір бөлмелі пәтерлер бар.
Жаңалықтар
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу