«Журналистерді қорғау комитеті» билікті Бажкеноваға қарсы істі доғаруға шақырды
Фото: Orda.kz
«Журналистерді қорғау комитеті» Қазақстан билігін үйқамақтағы Бажкеноваға қарсы істі жауып, «Ордаға» қысымды доғаруға шақырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін саяси мақалалар жариялағаннан кейін «Орда» редакциясына түрлі қысым көрсетіліп, шабуыл жасалғанын айта кетейік. Біздің қызметкерлеріміз тұратын жерге бейтаныс адамдар келіп, өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, көршілерден сұрақ-жауап алып, жасанды суреттер көрсетіп, журналистің іздеуде жүргенін айтып кеткен жағдайлар да тіркелді. Тіпті «Orda» редакциясының Instagram және Facebook-тағы парақшалары тағы да бұғатталған кездер де болды. Сонымен қатар бас редакторымыз басылымды қалай тартып алмақ болғандары жайлы ашық айтып берген еді.
Кеше таңертең қарулы күштер Orda.kz кеңсесіне басып кірді. Ешқандай қаулы көрсетпестен, қорғаушыларды кіргізбей, журналистерді тінтіп, жауап алу басталды. Адвокаттардың айтуынша, қарулы күштер қорғаушыларды ғимараттан күштеп шығарып жіберген.
«Журналистерді қорғау комитеті» Қазақстан билігін «Орда» сайтының бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға тағылған айыпты алып тастап, басылымның еркін жұмыс істеуіне жағдай жасауға шақырды. Баспасөз қорғау ұйымының мәлімдемесі 2 желтоқсанда жарияланды.
«Ордадағы полиция тексерісі мен Гүлнәр Бажкеноваға қарсы қылмыстық айыптаулар Қазақстанда тәуелсіз БАҚ-қа қысымның күшейгендігін көрсетеді және Қазақстанның «жалған ақпарат» туралы заңының осал екендігін тағы да айғақтай түседі. Қазақстан билігі Бажкеноваға тағылған айыпты алып тастап, заңнаманы дереу реформалауы қажет, осылайша жала жабу істерін азаматтық өндіріс тәртібімен қарауды қамтамасыз ету керек», — деді CPJ Еуропа және Орталық Азия бағдарламасының үйлестірушісі Гүлноза Саид.
Айта кетейік, Қазақстан Журналистер одағы 274-баптың белсенділер мен журналистерді қудалайтын тетікке айналғанын атап өтіп, бұл бапты алып тастау қажет екенін айтты.
Жаңалықтар
- СҚО-дағы тас жолда екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушінің бірі қаза тапты
- Кәсіби боксшы Мадияр Әшкеевтің АҚШ-тағы үйі өртеніп кетті
- 4700-ден астам қазақстандық елге оралды
- 7–9 наурызда Таяу Шығыстан келетін эвакуациялық рейстер
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар