Жұмысcыз қалған генерал Боливия президентіне шабуыл жасады
27 маусымға қараған түні Боливияның астанасы Ла-Пастағы президент сарайына жұмыстан босатылған генерал Хуан Хосе Зунига бастаған әскерилер төңкеріс ұйымдастырды.
Бұл туралы Боливия ішкі істер министрлігі хабарлады.
Президент Луис Арсеге қарсы төңкерісті жұмыстан босатылған генерал Хуан Хосе Зунига бастаған әскерилер ұйымдастырды.
Ол «әскерилер демократиясыз өмір сүруден шаршағанын» айтып, экс-президент Жанин Анесті түрмеден босатуды талап етті. Ол төңкеріс жасады деген айыппен қамауға алынды.
Алаңды бес сағаттан астам уақыт жаулап алған әскерилерді басқарған генерал Хуан Хосе Зунига ұсталды. Оған қарулы көтеріліс жасады және президентке қастандық жасады деген айып тағылды. Сондай-ақ төңкеріс әрекетіне қатысы бар деген күдікпен Боливия әскери-теңіз күштерінің бұрынғы қолбасшысы Хуан Арнес Сальвадор да ұсталды.
Генерал Зунига қолбасшылығындағы әскери бөлімшелер президент сарайы мен парламент орналасқан Ла-Пастағы орталық алаңды басып алды. Куәгерлердің айтуынша, броньды көлік президент сарайының есігін қағып, содан кейін сарбаздар ішке кіріп кеткен.
Сарайда болған Боливия президенті Луис Арсе әскерилерді төңкеріс жасамақ болды деп айыптады. Бұл әрекет салдарынан, биліктің мәліметінше, тоғыз адам зардап шекті.
Жаңалықтар
- Тоқаевтың тапсырмасымен Мәулен Әшімбаев Иран елшілігіне барып, көңіл айтты
- Әлиев Нахчыван әуежайына жасалған шабуыл туралы мәлімдеме жасады
- Қазақстанда доллардың құны бірден төмендеді
- Иран Нахчыванға дрон ұшырды деген айыптауды жоққа шығарды
- Астана мен Алматы Халықаралық әйелдер күнін қалай қарсы алады
- Әзербайжан Ираннан Нахчыванға дрон шабуылына қатысты шұғыл түсініктеме талап етті
- Ирандық дрондар Әзербайжанның Нахчыван әуежайына шабуыл жасады
- Атырау облысындағы қанды қылмыс: Күдіктілер Индонезиядан қашан экстрадицияланады
- Тоқаев Сауд Арабиясының тақ Мұрагеріне алғыс айтты
- Иран билігі Түркияға соққы жасады деген ақпаратты жоққа шығарды
- Жібек жолы ауылында өз отбасын қырып тастаған күдікті бұрын сотталған
- Терезеден сығалаған: Атырау облысында сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
- Кәмелетке толмаған жасөспірім ұлтаралық араздық қоздырғаны үшін сотталды
- Бүгінгі Таяу Шығыс: Тегеранға соққылар жасалып жатыр, Иран жауап ретінде зымыран ұшырды
- МӘМС арқылы миллиондаған теңге залал: Алматыда жеке стоматологиялық клиникалардың директоры үйқамаққа алынды
- Украинадан оралған Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоров Астана әуежайында ұсталып, тексерістен кейін босатылды
- ІІМ шетелге барып жұмыс істегісі келетіндерге үндеу жасады
- Thailand Open турнирі: Қазақстан ескек есуден «алтын» алды
- Соғыстың алғашқы екі күнінде Иран астанасынан 100 мың адам кетіп қалды — БҰҰ
- Иранда Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі кейінге шегерілді