«Жұмыс іздеп шыққан»: Шымкентте 26 жастағы келіншектің денесі қоқыс жәшігінен табылды

cover Фото: freepik.com

Шымкентте он күн бұрын із-түзсіз жоғалған келіншектің денесі қоқыс жәшігінің маңынан табылды. Жәбірленуші бірнеше рет пышақталған, деп хабарлайды Orda.kz.

Қалалық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Ведомствоның мәліметінше, бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Марқұмды іздеуге полициямен бірге еріктілер де атсалысқан.

Журналист Гүлмира Әбіқайдың жазуынша, 26 жастағы әйел — екі баланың анасы. Ол «үй жинаушы қажет» деген хабарландыруды көріп, жұмыс іздеп үйден шыққан. Алайда 17 жастағы бозбала келіншекті 16 жерінен пышақтап өлтірген. Оқиғаның нақты себептері әзірге анықталған жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін Шымкент қаласында полицейлер 15 және 16 жастағы екі қызды жыныстық құлдықтан құтқарған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар