«Жоспарлы айыппұл»: полиция қызметкерлері рациясынан күдікті тапсырма берілді

cover Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде полиция қызметкерлеріне «әр экипаж кемінде 5 айыппұлдан салуы керек» деген тапсырма берілген видео тарады, деп хабарлайды Orda.kz. Видеода хаттама толтыру жұмыстарын барынша арттырып, әсіресе әрбір экипажға «жоспарлы түрде тапсырма» беріліп, тіпті айыппұлдар санын арттыру бойынша жылдам іске кірісу керек екені айтылған. 

Михаил Козачковтың телеграм арнасында жарияланған видеоның пікірлер алаңында Алматы қаласының полиция департаменті (ПД) жауап жазған. Олар видеодағы тұлға кішігірім бұзақылық фактісімен ұсталып, іс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілгенін, ал рацияда айтылған ақпаратқа сәйкес тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жазды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар