Жол қауіпсіздігіне бөлінген 272 миллион теңгені жымқырған

cover Фото: DALL-E

Ақтөбеде жол белгілерін салуға бөлінген 272 миллион теңге бюджет қаржысының жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қала прокуратурасы «Ақтөбе қаласының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы» мемлекеттік мекемесі директорының бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады.  

Тергеу барысында мемлекеттік сатып алу келісімшарттары аясында директор өз қызметтік лауазымын пайдаланып, іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін акті қабылдағаны белгілі болды. Жол белгілеріне бөлінген 272 миллион теңге негізсіз игерілген.  

Оның әрекеті 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу» бойынша сараланған, қазіргі уақытта ол қамауда.  

  

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар