«Жол апатына ұшырады»: Түркістан облысында ер адам мас күйде көлік ұрлап кетті

cover Фото: freepik.com

Түркістан облысында өзгенің көлігін рұқсатсыз айдап, жол апатына түскен мас жүргізуші қолға түсті, деп хабарлайды Orda.kz.

Төле би аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, оқиға бүгін, 24 қазан күні таңғы сағат 06:00 шамасында болған. Мас ер адам жылынып алу үшін бөтеннің үйінің алдында тұрған Lexus автокөлігін байқап, есігін тартып көрген. Көлік кілттенбеген болып шықты. Осы сәтті пайдаланған мас адам көлікке кіріп, жылынып алып, шарап ішуін жалғастырған. Артынан көліктің кілтін тауып, айдап кеткен. Салдарынан ол рөлді басқара алмай, Opel Vektra көлігіне соғылып, жол апатына ұшырады. Полиция күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар