Жол апаты нәрестені жансақтау бөліміне, 3 жасар баланы қабірге аттандырды

cover Фото: Бейнеден кадр

Екі баласымен Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының арасындағы жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан әйелді ер адам көлігімен қағып кетіп, үш жасар бала қаза болды.

Бұл туралы «Патриот» telegram арнасы хабарлады.

Емшектегі баласын көтеріп, екінші баласын жетектеген әйел жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан. Оларды көлік қағып кеткен соң, үш жасар бала қайтыс болды. Ал әйел мен нәресте ауруханада жатыр.

 Бұл қайғылы оқиға 10 шілдеде Сәтбаев пен Жезқазған қалаларының арасындағы тас жолда, «Восток» аялдамасында болды. 

 «Үш жасар бала алған жарақатынан қайтыс болды. Ол жаяу жүргіншілер өткелінен бірнеше метр алысқа ұшып кеткен. Ал 24 жастағы ананың аяғы сынып, ауруханада жатыр. Оның аяғына бүгін ота жасалды. Ал оның дүниеге келгеніне бес-ақ күн болған қызы реанимацияда жатыр. Нәрестенің қабырға сүйегі сынған және бас сүйегінде гематома бар», — деді зардап шеккендердің туысы.
«Оқиғаға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр», — деп түсіндірді Ұлытау облыстық полиция басқармасы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар