Жойқын жер сілкінісінен 126 адам көз жұмды

cover Фото: Синьхуа агенттігі

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Тибет автономиялық ауданында 6,8 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Непалмен шекарадағы ҚХР Тибет автономиялық округіндегі эпицентрге жақын жерде бірнеше ғимарат құлаған. 

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, табиғи апат салдарынан 126 адам көз жұмып, тағы 188 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Жер сілкінісі кеше, сейсенбі күні таңертең тіркелді. Жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 19:00-де құтқарушылар мен төтенше жағдайлар қызметі зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстарын жалғастырып жатқанын хабарланды.

Алғашқы сағаттарда қаза тапқандар саны 53 адам деп хабарланған еді. Алайда кейін бұл көрсеткіш артты. Сонымен қатар жарақат алғандар арасында жағдайы ауыр адамдар бары бірден ескертілді. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар