Жогорку Кенештің спикері Қырғызстанда парламент қашан тарайтынын айтты

cover Фото: Қырзғыстан парламенті

Қырғызстанның Жогорку Кенешінің спикері Нұрланбек Тұрғынбекуулу парламент қашан тарайтынын айтты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Нұрланбек Тұрғынбекуулу Қырғызстанда президент пен парламентті сайлау мерзімдері сәйкес келуі мүмкін екенін, сондықтан депутаттар тобы парламентті мерзімінен бұрын таратуды ұсынғанын айтты. 

Ол парламенттік сайлау 2026 жылдың қарашасына, ал президенттік сайлау 2027 жылдың қаңтарына жоспарланған мәлімдеді.

«Осындай маңызды кезеңді қатарынан өткізу саяси және экономикалық сипаттағы бірқатар мәселені туындатады. Сондай-ақ, орталық сайлау комиссиясы үшін бұл техникалық жағынан ғана емес, физикалық жағынан да қиын болады. Сондықтан мен бастамашыл топты қолдаймын», – деді спикер. 

Бұл бастаманы 32 депутат қолдады.

Нұрланбек Тұрғынбекуулу президент те, үкімет те, сыртқы күштер де Жогорку Кенешті тарата алмайтынын бөлек атап өтті. Бұл құқық тек парламенттің өзіне ғана тиесілі.

Айта кетейік, Өзбек шекарашылары Қырғызстанның екі азаматын шекарада атып өлтірді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар