Жоғалған әскери тікұшақта бір отбасының жалғыз ұлы ұшқаны белгілі болды
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
Әскери тікұшақтың жоғалғанына бірнеше күн болды. Құтқару тобы Сорбұлақ маңында іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Экипаж мүшелерінің бірі Бахтияр Ержігітовтің отбасындағы жалғыз ұл екені белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Sputnik KZ мәліметінше, экипаж мүшелерінің бірі – Павлодар облысының тумасы, 32 жастағы 15 жылдық еңбек өтілі бар Бахтияр Ержігітов. Ол отбасында жалғыз ұл екен. Оның отбасында төрт жастағы ұлы мен екі жасар қызы бар. Қазіргі уақытта оны туыстары күндіз-түні іздеп жатыр.
«11-сыныпты бітіріп, Ақтөбедегі әскери училищеге оқуға түсті. Оқу орнын бітірген соң мамандығы бойынша қызметке кірісті. Бортинженер болып жұмыс істейді», – деді апасы Аймереке Бегімова.
Одан басқа тікұшақта тағы да екі адам бар. Олар Аман Амангелді мен Нұржігіт Үйсінбаев. Үшеуі де Қазақстанның оңтүстігіндегі бір әскери бөлімде қызмет етеді.
Еске сала кетейік, EC-145 тікұшағының радардан жоғалып кеткені жайлы ақпарат 25 шілдеде белгілі болды.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды