Жезқазған тұрғыны прокуратура ғимаратын досының үйімен шатастырып алғаны үшін қамалды

cover Фото: Бас прокуратура

Жезқазғанда Ұлытау облысының прокуратура ғимаратының қақпасын қателесіп сындырған жергілікті тұрғын сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл оқиға 30 тамызда болған. Қала тұрғыны мас күйі прокуратура ғимаратын досының үйімен шатастырып алады. Ол әуелі қақпаны ашуға тырысып, ақыр соңы сындырып кіруге бел байлайды.

Прокуратура залалды 259 мың теңгеге бағалады. Ер адам ақшаның бір бөлігін өтеп, ал қалғанын жақын арада төлеуге уәде берді.

Сот ер адамды басқа біреудің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін кінәлі деп тауып, оған бес күндік әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.

Айта кетейік, Ақтөбеде полицей мас күйі көлік жүргізген әйелден пара алғаны үшін ұсталған болатын. Сол себепті ол үйқамаққа жіберілген. Енді үйқамақта жүрген оған бұрынғы қызын зорлады деген айып тағылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар