Жетісуда есірткі зертханасы жойылып, 6,4 келі «синтетика» тәркіленді

cover Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Ескелді ауданында есірткі зертханасы жойылып, одан 6,4 келі синтетикалық «мефедрон» есірткісі тәркіленді, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.


«Ескелді ауданында полиция прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік департаментімен бірлесе отырып, «синтетика» шығаратын жасырын зертхананы жойды» делінген хабарламада.


Ішкі істер органдарының мәліметінше, Қазақстанға заңсыз есірткі өндіруді ұйымдастыру мақсатында екі шетелдік азамат келген. Олар өздерінің «кураторының» нұсқауы бойынша әрекет еткен. Операция барысында олардың сыбайласы делінген Астана қаласының тұрғыны да ұсталды.

Тінту кезінде тыйым салынған заттарды өндіруге арналған жабдықтар, 6,4 келі дайын мефедрон және прекурсор қалдықтары бар 200 литрлік реактор табылды.

Үш күдікті де қамауға алынды. Қылмыстық тізбектің ықтимал сыбайластары мен басқа да байланыстарын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар