Жетісу өңіріндегі ұйғыр және орыс атаулары өзгерді
Қазақстанда бірнеше елді мекендер мен көшелердің атауы өзгертілді. Бұл туралы Жетісу облысы мәслихатының депутаты Гүлназ Мұстафа Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Orda.kz.
Панфилов ауданындағы бұрын Пенжім деп аталып келген елді мекен енді Атамекен деп аталады.
Сонымен қатар, сол өңірдегі екі ауыл бұрынғы атауы қайтарылды: Лесновка ауылы – Талды, Әшім ауылы – Төңкеріс болып өзгерді.
«Облыс тұрғындарының пікірін ескере отырып, облыстық ономастикалық комиссия қорытындыға келіп, оның негізінде Жетісу әкімдігі қаулы шығарды, ал мәслихат шешім қабылдады», деп түсіндірді Гүлназ Мұстафа.
Сонымен қатар Талдықорғандағы кейбір көшелер мен аудан атаулары да қалыпқа келтірілді:
• 9-шағын аудан – «Құлагер»,
• 10-шағын аудан – «Әл-Фараби»,
• Ворошилов пен Невский көшелері Нұрғиса Тілендиев пен Әбділхақ Әбіхалық көшелеріне айналды.
Ал «Шайқорған» және «Балауыз» елді мекендеріндегі бұған дейін санмен аталып келген көшелердің барлығына да жаңа атаулар берілді.
Жаңалықтар
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды