Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
Фото: Егемен Қазақстан мұрағатынан
Жетісу облысында қытайлықтар ие болып отырған цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды. «Alacem» ЖШС лицензиялық аумақтан тыс жерде пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Кәсіпорын бірнеше жыл бұрын өңірдің құрылыс саласын дамыту аясында іске қосылып, әктас өңдеп цемент өндірумен айналысады. Салынған айыппұл 264 221 676 теңге болды. Бұған дейін де зауыт қызметіне жергілікті тұрғындар көп шағымданған, олар ауыл маңын шаң-тозаңға бөктіріп, ауыр жүк таситын көліктерімен жолдарды талқандап бұзып қана қоймай, қоршаған ортаға да қатты зиян келтірген.
Жетісу облысының экология департаменті мен мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының мәліметінше, компания 2022 жылдан бері лицензиясы бола тұра, әктасты рұқсат етілген аумақтан тыс, көршілес жерлерде өндірген.
Сараптама нәтижесінде заңсыз өндірілген шикізат көлемі 90 611 текше метр болғаны анықталды.
Сот қорғау тарабының уәждерін қабылдамады. Атап айтқанда, мердігер ұйым ұсынған материалдар қажетті сертификаттың болмауына және түсірілім форматының талапқа сай келмеуіне байланысты есепке алынбады. Сондай-ақ компания тарапынан дұрыс топографиялық деректер ұсынылмаған.
Сот «Alacem» ЖШС-ні жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманы бұзды деп танып, келтірілген залалдың 100%-ы мөлшерінде айыппұл салды. Жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ.
Егер белгіленген тәртіппен шағым берілмесе, сот шешімі 30 күннен кейін заңды күшіне енеді.
Оқи отырыңыз:
- Қытайлықтар Алматыда қоқыстан қуат өндіретін зауыт салады
- Қарашаның ақшасына алынған «хан» сыйлығы: Алматы облысы әкімдігіне люкс джиптер қайдан келді?
- Арал теңізінің құрғаған табанына 4,4 миллионнан астам сексеуіл көшеттері отырғызылады
Жаңалықтар
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар
- Ораза айттың қазақ дәстүріндегі орны мен мәні
- Аңыз-актер Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті
- «Жауыз емеспін». Актер Асқар Жұмабек даулы оқиға туралы өз нұсқасын айтты
- Астанада журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Түлектер альбомы дауға айналды: Алматы облысында 49 мектептің ата-анасы 14 миллионға алданғанын айтты
- Ресей президенті мамыр айының соңында Қазақстанға келеді