Жетісу облысында 75 млнға жуық қаражат қолды болған

cover Фото: freepik.com

Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры 74,7 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды Orda.kz. 

Олар туристік нысандағы санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатуға арналған қаражатты ұрлаған. 

Прокурорлық тексеріс нәтижесінде нысан іске қосылмағаны, ал бөлінген қаражат жұмсалып кеткені анықталды. 

Сарқан ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастап, іс сотқа дейін жеткізілді.

«Сот үкімімен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры түрлі мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазаларына тартылды»,делінген хабарламада. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар