Жетісу облысында 72 млн теңгенің газ құбырлары ұрланған
Фото: Видеодан алынған кадр
Жетісу облысы Ақсу ауданында 72,5 млн теңгенің газ құбырлары ұрланған, деп хабарлайды Orda.kz.
ҚР ІІМ-нің мәліметінше, полицияға «Транс Азия Констракшн» ЖШС директоры арызбен жүгінген. Оның айтуынша, белгісіз адамдар Алматы – Өскемен тас жолының Қызылағаш және Жансүгіров ауылдары арасындағы учаскесінде орнатылып жатқан 27 дана газ құбырын ұрлап кеткен. Магистральдық газ құбырының құрылысы Талдықорған – Үшарал тас жолында жүргізіліп жатыр. Оның құны 131,7 млрд теңгеге бағаланған. Жоба 302 шақырым газ құбырын салуды, алты автоматтандырылған газ тарату станциясын орнатуды және жалпы халқы 124 мыңға жуық 66 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге бағытталған.
Күдікті ретінде Алматы облысының тұрғындары ұсталды. Ұсталғандардың барлығы қамауға алынды, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
- Тоқаевтың тапсырмасымен Мәулен Әшімбаев Иран елшілігіне барып, көңіл айтты
- Әлиев Нахчыван әуежайына жасалған шабуыл туралы мәлімдеме жасады
- Қазақстанда доллардың құны бірден төмендеді
- Иран Нахчыванға дрон ұшырды деген айыптауды жоққа шығарды
- Астана мен Алматы Халықаралық әйелдер күнін қалай қарсы алады
- Әзербайжан Ираннан Нахчыванға дрон шабуылына қатысты шұғыл түсініктеме талап етті
- Ирандық дрондар Әзербайжанның Нахчыван әуежайына шабуыл жасады
- Атырау облысындағы қанды қылмыс: Күдіктілер Индонезиядан қашан экстрадицияланады
- Тоқаев Сауд Арабиясының тақ Мұрагеріне алғыс айтты
- Иран билігі Түркияға соққы жасады деген ақпаратты жоққа шығарды
- Жібек жолы ауылында өз отбасын қырып тастаған күдікті бұрын сотталған
- Терезеден сығалаған: Атырау облысында сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
- Кәмелетке толмаған жасөспірім ұлтаралық араздық қоздырғаны үшін сотталды
- Бүгінгі Таяу Шығыс: Тегеранға соққылар жасалып жатыр, Иран жауап ретінде зымыран ұшырды
- МӘМС арқылы миллиондаған теңге залал: Алматыда жеке стоматологиялық клиникалардың директоры үйқамаққа алынды
- Украинадан оралған Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоров Астана әуежайында ұсталып, тексерістен кейін босатылды
- ІІМ шетелге барып жұмыс істегісі келетіндерге үндеу жасады
- Thailand Open турнирі: Қазақстан ескек есуден «алтын» алды
- Соғыстың алғашқы екі күнінде Иран астанасынан 100 мың адам кетіп қалды — БҰҰ
- Иранда Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі кейінге шегерілді