«Жемқорлық пен саяси адалдық»: Си Цзиньпин жоғары лауазымды генералдарды қызметінен босатты
Фото: bbc.com
Қытай Халық-азаттық әскерінің жоғарғы басшылығында өзгерістер болып жатыр. Өткен демалыс күндері генералдар Чжан Юся мен Лю Чжэньли қызметтен босатылды. Бұл ел ішінде билік үшін күрес күшейіп келе жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қытай әскерінде Си Цзиньпин дәуіріндегі ең ауқымды ауыс-түйіс кезеңі өтіп жатыр. Жоғары лауазымды генералдардың көпшілігі қоғамдық назардан ғайып болуда. Кейбірі ресми түрде орнын босатты. 2023 жылдың ортасында басталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқан қорғаныс министрлерін, қолбасшыларды және қарулы күштерді басқаратын Орталық әскери комиссияның бірнеше мүшесін қызметтен шығаруға дейін жеткізді. Осылайша Си Цзиньпин бірнеше жыл бұрын қалыптастырған басшылық құрылымын әлсіретті. Осыған байланысты енді Қытайдың әскери қабілеті қалай болмақ деген сұрақ туындайды. 75 жастағы Чжан Юся Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин басқаратын, қарулы күштерді қадағалайтын партиялық құрылым — Орталық әскери кеңестің (ОӘК) төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Қаңтар айының басында генералдың тергеліп жатқаны айтылды. Ақыры ол қызметінен кетті.
Әдетте құрамында жеті адамға дейін болатын ОӘК-те қазір небәрі екі адам қалды — Си Цзиньпиннің өзі және генерал Чжан Шэнминь.
Бұл жерде әңгіме тек сыбайлас жемқорлыққа ғана емес саяси адалдыққа да келіп тіреледі. Мұның билікке әсері бар ма және Сидің Халық-азаттық әскері 2027 жылға дейін әлемдік деңгейдегі әскери күшке айналдыру жоспары қазіргі кестеге сәйкес жүзеге аса ала ма, ол жағы әзірге белгісіз. Айта кетері, ОӘК миллиондаған әскери қызметкерді бақылауға жауапты.
Сарапшы Лайл Морристің айтуынша, кеңесте тек Си Цзиньпин мен бір ғана генералдың қалуы — бұрын-соңды болмаған жағдай.
«Қытай Халық-азаттық әскері (ҚХАА) бейберекет күйге түсті», — деді Моррис.
Айта кетейік, Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы сыбайлас жемқорлық үшін сотталды.
Жаңалықтар
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар
- Ораза айттың қазақ дәстүріндегі орны мен мәні
- Аңыз-актер Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті
- «Жауыз емеспін». Актер Асқар Жұмабек даулы оқиға туралы өз нұсқасын айтты
- Астанада журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Түлектер альбомы дауға айналды: Алматы облысында 49 мектептің ата-анасы 14 миллионға алданғанын айтты