«Желаяқ қашқын»: Алматыда полиция көлігінен тергеудегі адам қашып кетті

cover Фото: Алматы облыстық полиция басқармасы

Алматы қалалық полициясы түрмеге апара жатқанда қауіпсіздік үшін қадағаланатын арнайы көліктен қашып кеткен Қуандық Аубакри (1996 жылғы) атты азаматты іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Ол ұрлыққа қатысты тергеліп жатқан болатын.

Іздестіріліп жатқан адамның бойы 165-170 см, дене бітімі арық, қара шашты, қоңыр көзді.

Полиция Аубакриді көрген адам болса, ол туралы ақпаратты мына нөмірге хабарлауды сұрайды: +7 701 758 67 60; +7 778 158 54 44 немесе 102.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар