Жауапкершілікке тек бір азамат тартылды: Бас прокуратура мен ІІМ Референдум қорытындысын айтты

cover Фото: Orda.kz

Қазақстандағы референдум елеулі оқиғаларсыз өтті. Бұл туралы Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қараманов айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Оның сөзінше, жауапкершілікке тек бір азамат тартылды. Ол заңсыз сауалнама жүргізіп, үгіт-насихат жасаған. Прокуратураға тағы екі өтініш түскен, олар бойынша заң аясында түсініктеме берілді. Сондай-ақ Ақтөбедегі сотқа комиссия әрекетіне қатысты бір шағым түсіп, қазір қаралып жатыр.

ІІМ мәліметінше, ел бойынша полиция учаскелердегі қауіпсіздікті қамтамасыз еткен. Он мыңнан астам учаскенің бірде-бірінде қоғамдық тәртіп өрескел бұзылған жоқ.

Қазір дауыстарды санау жүріп жатыр. Ол аяқталған соң полиция құжаттарды өңірлік комиссияларға жеткізеді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар