Жасырынып жүрген LRT-ның экс-басшысы сот үкіміне шағымданды

cover Фото: Astana LRT

Елден тыс жерде жасырынып жүрген «LRT» ЖШС-ның бұрынғы басшысы Талғат Ардан, биылғы күзде шығарылған үкімге шағымданды, деп хабарлайды Orda.kz.

Осы жылдың қараша айында «Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданға сырттай үкім шығарылған болатын. Экс-басшы қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін (сырттай) кінәлі деп танылды (ҚК 361-бабының 4-бөлігі 3-тармағы). Сонымен қатар, 2023 жылдың мамырында ол жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Салдарынан қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жалпы бас бостандығынан айыру жазасы тоғыз жылға жеткен болатын.

«Ол «Астана LRT» ЖШС-ның басшысы бола тұра, LRT құрылысы іске асырылмай, салдары сотқа жетті: 257,6 миллион АҚШ доллары және Қытай мемлекетті даму банкінен алған 85,9 млрд теңге «Астана LRT» ЖШС-не қайтарылмаған. Ардан өз өкілеттігін асыра пайдаланып, оның заңсыз әрекеттерінен «City Transportation Systems» ЖШС-не 85,9 млрд теңге көлемінде залал келді», – деп еске салды сот. 

Сот үкімімен келіспей, айыпталушының адвокаты аппеляциялық сотқа шағым тастады. Алайда Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2024 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысымен үкім еш өзгеріссіз қалды. Арданның кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен дәлелденгендіктен, апелляциялық шағым қанағаттандырылған жоқ және сот актісі өз күшіне енді. 

Айта кетейік, Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғат Арданға қатысты халықаралық іздестіру жұмыстарының қай деңгейде екенін айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар