Жасанды интеллект тергеуі: Жасөспірімдер жалған төлемдермен сауда жасаған
Коллаж ЖИ көмегімен жасалды
Елімізде жасөспірімдер кәсіпкерлерді алдау үшін жасанды интеллектті пайдаланып жалған төлем түбіртегін шығарып, соны көрсету арқылы сауда жасаған, бұл іс бойынша полиция тергеу бастады, деп хабарлайды Orda.kz.
Жетісу облысында үш жасөспірім жасанды интеллект технологияларын пайдаланып, жалған банк чектерін жасап, дүкен сатушыларын алдаған. Олар қолдан жасалған электронды түбіртектердің көмегімен тауарларды бірнеше рет «сатып алып», іс жүзінде нақты төлем жасалмаған. Бұл туралы өңірлік прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Алаяқтық схемасы кәсіпкерлердің өтініштерінен кейін әшкереленді. Олар сатып алушылар көрсеткен чектер мен банк шоттарына нақты түскен қаражат арасындағы сәйкессіздіктерді байқаған. Осыдан кейін сауда орындары иелерінің арызы бойынша бірнеше рет жасалған алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Жетісу облысының прокуратурасы кәсіпкерлер мен сатып алушыларды барынша мұқият болуға шақырып, төлемді тек ресми банк қосымшалары арқылы тексеруге, ал экранда көрсетілген скриншоттар мен электронды чектерге сенбеуге кеңес берді.
Еске салсақ, былтыр Бас прокурор Берік Асылов депутаттық сауалға берген жауабында Қазақстанда интернет-алаяқтық 25%-ға артқанын айтты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?