Жанболат Мамай президент тағын көздеп отыр

cover

«Демократиялық партия» қоғамдық ұйымының жетекшісі Жанболат Мамай «Қасқа жол» Youtube арнасына сұхбат берді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Ол өз сұхбатында егер оны халық қолдаса, Президент болуға дайын екенін айтты. Оның мақсаты – саяси өзгеріс жасау.

Мамай өз сұхбатында:

– Әрине, саясатта жүргеннен кейін алдыңа үлкен мақсат қоюың керек. Билікке келмесең сен ештеңе өзгерте алмайсың. Алдыңа жоспар қоймасаң, сол мақсатқа жетудің жолдарын ойластырмасаң онда саясатпен айналыудың қажеті жоқ. Кез келген салада болсын алдыңа үлкен мақсат қоя білу керек. Менің мақсатым міндетті түрде Президент болу емес. Менің мақсатым – осы елде бір өзгеріс жасау. Билікке келу арқылы Қазақстанда бір саяси өзгеріс енгізу.

Президент болу ма, Парламентке келу ма, ол жағын енді көре жатармыз. Бірақ елдегі жағдай қандай болады. Мына билік қандай қастандыққа барады? Әлде, бізден де асып кететін мықты азаматтар шыға ма? Оны уақыт көрсетеді. Осындай бәсекелестікте, адал бәсекеде халық қолдап, даусын беріп, биікке көтеріп жатса ел үшін қызмет етуге дайынбыз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар