Жанармай бекетінде жарылыстан көз жұмған жұбайларды бүтін бір ауыл ақтық сапарға шығарып салды
Фото: Атырау облысы ТЖД
Құлсарыға жақын орналасқан Тұрғызба ауылындағы жанармай бекетінде болған жарылыстан көз жұмған ерлі-зайыптыларды жақындары ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жылыой ауданын дүр сілкіндірген бұл қайғылы оқиға бір отбасының шаңырағын ортасына түсірді. Туыстарының айтуынша, қаза болған ер адамның денесінің бөліктерін жинауға тура келген, ал әйелінің денесі түгел жанып кеткен.
43 жастағы ер адам жарылыс сәтінде цистернаның ішінде болған, ал 40 жастағы жұбайы бекет ғимаратында жүрген. Екеуі де оқиға орнында қаза тапты.
Жерлеу рәсіміне бүтін ауыл жиналды. Жақындарының айтуынша, марқұмдарды тану мүмкін болмаған.
«Бұл өте ауыр... Алғаш естігенде, сенбедік. Жақында ғана көлік апатынан бір ерлі-зайыпты жақындарымыз қайтыс болды. Енді міне, осылар... Не айтарымызды да білмейміз», — деді туысы.
Көршілерінің айтуынша, олар өте қарапайым, ешкімге жамандық ойламайтын адамдар болған. Артында үш бала қалды.
«Өте қарапайым, сабырлы адамдар еді. Үш баласы қалды. Енді олар өмірлерін қалай жалғастырады... Елестету қиын», — деді көршілері.
Атырау облыстық полиция департаменті қазір тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді.
«Қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр», — деп мәлімдеді полиция.
Еске сала кетейік, 30 мамыр күні Құлсарыда жанармай құю бекеті жарылып, 16 адам зардап шекті. Ерлі-зайыпты болған екі адам көз жұмды. Сол қаланың тұрғыны Ләйлә Сұлтанбаева тілшілерімізге оқиғаның қалай болғанын баяндап берген еді.
Жаңалықтар
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды