Жаңа жыл қарсаңында полицейлердің жұмысы күшейтілді

cover Сурет ашық дереккөзден

Еліміздің полициясы қызмет көрсетудің күшейтілген тәртібіне көшті, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

«Полиция жаңа жылдық мерекелер қарсаңында күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. Осыған орай, жедел кеңесте Ішкі істер министрі қоғамдық тәртіпті қорғау және азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету бойынша қызметкерлердің алдына бірқатар нақты міндеттер қойды» делінген хабарламада.


Жеке құрамға еліміздің барлық аймақтарында қырағы жұмыс істеу тапсырылды.

«Бүгіннен бастап келесі біз қызметтің күшейтілген нұсқасына ауысамыз. Құқықтық тәртіпті күшейтуді, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, жаяу патрульдердің санын көбейтуді, шыршалардың сақталуына жауаптыларды анықтауды, құқық бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесуді, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуді тапсырамын»,- деп мәлімдеді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар