Жамбылдағы жер сілкінісінен аурухана, мектеп пен тұрғын үйлерге зақым келді
Фото: бейнеден кадр kris.p.taraz
Жамбыл облысында болған бес баллдық жер сілкінісінің бейнекадрлары әлеуметтік желілерде таралып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
merke.life жергілікті паблигінде тұрғындар жер сілкінісі кезінде түсірілген кадрлармен бөлісті. Жерасты дүмпулері Меркі ауылының маңында тіркелді, онда сілкініс күші бес баллға жеткен. Видеоларда жер сілкінісінен кейін ғимараттардың қабырғаларында жарықтар пайда болғаны көрсетілген.
Атап айтқанда, Қарақыстақ ауылындағы Мәдениет үйінің, Меркі аудандық ауруханасының және Ойтал ауылындағы мектептің қабырғаларында жарықтар байқалған. Қазірге дейін басқа нысандарға қатысты ақпарат жоқ.
Сонымен қатар, ТЖМ командалық орталығында сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды. Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Құтқару бөлімшелері қажет болған жағдайда әрекет етуге дайын.
Жер сілкінісі Қазақстанмен қатар Қырғызстан аумағында да сезілген.
Жаңалықтар
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?