Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды

cover Фото: Envato

Кеше, 15 наурызда Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауылдың үшінші постында тұрған күзетші қарудан абайсызда оқ атып, қарауыл бастығын өлтіріп алды, деп хабарлайды Orda.kz.

Екеуі де сарбаз емес, азаматтық қызметтегі әскери-тергеу департаменті қызметкерлері болған. Жараланған әскери қызметкер ауыр жағдайда госпитальге жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу департаменті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Оқиғаның барлық мән-жайы қажетті тергеу әрекеттері мен процессуалдық шаралардың нәтижесінде анықталады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар