Жамбыл облысында мектеп оқушысын туыс ағалары зорлап келген

cover Фото: freepik.com

Бала құқықтары жөніндегі аймақтық уәкіл Динара Зәкиева туыс ағаларынан зәбір көрген жасөспірім туралы айтты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Динара Зәкиеваның айтуынша, кәмелетке толмаған қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қыз мектеп психологы жинаған сауалнамада өзінің қиын жағдайда екенін жеткізбек болып, белгі берген. Алайда оның бұл әрекетін ешкім елемеген.

«Оларға қажет көмек көрсетіліп жатыр. Облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткізілген көшпелі комиссия отырысының нәтижесінде аудан әкімінің орынбасары мен мектеп директорына қатысты шара қолданылды», -  дейді Динара Зәкиева.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар