Жамбыл облысында ер адам өгей қызын өлтірді деген күдікпен ұсталды

cover Фото: Orda.kz

Жамбыл облысында ер адам өгей қызын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бала өліміне қатысты қайғылы жағдай асырап алған отбасылардың бірінде болды. Бұл жанұяда марқұмнан бөлек тағы төрт бала тәрбиеленіп жатқаны анықталды. Алдын ала берілген мәліметтерге зер салсақ, қайтыс болған балаға бұған дейін де қатыгездік жасалғаны белгілі болды.

Баланың өліміне күдікті ретінде ізін суытпай оның өгей әкесі ұсталғаны анықталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сонымен қатар, оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары басталды.

Құқық қорғау органдары бұл істе барлық жайттарды жіті тексеретінін мәлімдеді. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар