Жамбыл облысында 22 жастағы полиция қызметкері өзін атып өлтірді

cover Фото: IIM

Жамбыл облысында 22 жастағы полиция қызметкері өз-өзіне оқ атты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Мәйіт Тараздан бес шақырым жерде, Жасөркен кентінде табылды. 2003 жылы туған жігіт полиция кіші сержанты екен. 

Алдын ала ақпарат бойынша, арнайы қызметтік қамтамасыз ету басқармасының қызметкері өз тапаншасымен басына оқ атқан.

 

Облыстың ПД басшылары, арнайы қызметтік қамтамасыз ету басқармасы және тергеу тобының өкілдері жедел оқиға болған орынға барды. Өлім себебі анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында полицей өз қызметін атқару барысында жол апатынан мерт болғанын хабарлаған едік. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар