UFC: Жалғас Жұмағұловтың жекпе-жегінің нақты уақыты белгілі болды

cover

11 шілдеге қараған түні Невада штатының Лас-Вегас қаласында қазақстандық файтерер Жалғас Жұмағұловтың қатысуымен UFC 264 турнирі өтеді.

Бұл туралы Orda.kz Prosports.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Турнир қарсаңында турнирдің нақты уақыты белгілі болды. Сонымен, бастапқы кард Нұр-Сұлтан уақытымен 04:00-де басталады.

Жалғас Жұмағұловтың АҚШ-тағы Джером Ривераға қарсы жекпе-жегі бастапқы кардта өтеді, шамамен елорда уақытымен 04:30-да басталады.

Негізгі кард Нұр-Сұлтан уақытымен 08:00-де басталып, ал екі салмақтағы UFC-дің экс-чемпионы Конор МакГрегор мен уақытша экс-чемпион Дастин Порье арасындағы жекпе-жекті сағат 10:00-де тамашалай аласыздар.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар