Зеленский Трамптан кешірім сұрады

cover Фото: Brian Snider

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ басшысы Дональд Трампқа хат жолдап, кешірім сұрады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Fox News эфирінде айтты. 

Еске салайық, Зеленский мен Трамп арасында сопақ кабинетте ашық пікірталас болып, Украина басшысы кетіп қалған. Осы оқиғадан кейін Зеленский Трампқа ресми хат жазып, кешірім сұрады. Трамп бұл қадамды жоғары бағалап, алғыс айтты. 

«Зеленский президентке хат жолдады. Ол сопақ кабинетте болған жағдай үшін кешірім сұрады», - деді Стив Уиткофф.

Қазіргі уақытта Украина басшысы Сауд Арабиясында.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар