Заңсыз салынған ғимарат бұзылады

cover Фото: Қалалық құрлыс басқармасы

Алматыда заңсыз салынған үш қабатты ғимарат бұзылады.

Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.

Алматыда заңсыз тұрғызылған үш қабатты ғимарат сот шешімімен бұзылады. Кәрімов көшесіндегі №109 үйдің рұқсатсыз салынғанын департамент қызметкерлері жоспардан тыс тексеру барысында анықтады. Бөлім іс материалдарын Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберді. Мүлік иесіне айыппұл салынып, жұмыс тоқтатылды.

Артынша басшылық ғимаратты бұзу туралы сотқа арызданған. Сот оны 2021 жылы қайтарды, бірақ Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен бұзу  жұмыстары енді ғана қолға алынды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар