Заңсыз ағза саудасына қатысты полиция департаменті жауап берді
Қазақстандағы заңсыз ағза саудасымен айналысқан қылмыстық топ туралы зерттеу барысында Orda.kz халықаралық қылмыстық топты анықтады. Бұл қылмыстық топқа жалғыз Қазақстан емес, Түркия мен Индия елдерінің қатысы бар болып шықты. Осы іске қатысты Алматы облыстық полиция департаменті жауап берді.
2023 жылдың қазан айында Алматы облысы аумағында полиция 2020 жылдан бері 16 рет адам ағзалары мен тіндерін мәжбүрлі түрде немесе заңсыз алу әрекеттерін жасаған 5 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды.
«Топ мүшелері донорлар мен реципиенттерді іздеу, тарту және қажетті медициналық құжаттарды қолдан жасауға қатысы бар деп күдіктелген. Оларға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 116-бабына (Адам ағзалары мен тіндерін мәжбүрлі түрде немесе заңсыз алу) сәйкес қылмыс жасады деген айып тағылуда» делінген хабарламада.
Полиция еске салады: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске сәйкес, трансплантация үшін адам ағзалары мен тіндері саудасына тыйым салынады. Адам ағзаларын саудалау — ауыр қылмыс болады.
Зардап шеккендердің бірі - бүйрегін сатуға мәжбүр болған Нұрбол есімді жігіт. Сол кезде ол мәміле жасаған адамдарының донорлар мен реципиенттер іздеп жүрген ұйымдастырушылар екенін, сондай-ақ қылмыстарын жасыру үшін медициналық құжаттарды қолдан жасағанын біліп қалады.
«Алғашында донор ретінде органдарды сатып алу-сату бойынша заңсыз мәмілеге қатысқан мақалада аталған тұлғаларға қатысты екі эпизодты қоса алғанда, қылмыстық істер аяқталып, Алматы облысының прокуратурасына жолданды. Басында өздері донор болып іске қатысқан адамдар кейін ұйымдастырушылармен кездесіп, ақшалай сыйақы үшін донор іздеуге атсалысқан», деп түсіндірді полиция департаменті.
Бірінші оқиғадан кейін кейбір донорлар қылмыскерлермен қосылып жұмыс істей бастаған. Қомақты қаржы үшін олар жаңа құрбандар мен сатып алушыларды табуға көмектесіп отырған.
Дегенмен құқық қорғаушылар мұны олар өз еріктерімен істегенін немесе ұйымдастырушылардың қысымымен осындай әрекетке барғанын нақтыламады.
2023 жылдың басынан бері полиция Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласында осыған ұқсас бес іс бойынша тергеуді бастады.
Адам ағзалары саудасын ұйымдастырған топтың Қазақстанда қалай жұмыс істейтіні туралы материалымыздан оқи аласыздар.
Жаңалықтар
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеуі жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін