Заң бойынша тоқал алуға рұқсат беру керек — Абзал Құспан
Фото: Мәжіліс
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан журналист Ербол Сейілханға берген сұхбатында елде екі әйел алуға тыйым салынғанын, бірақ заң жүзінде тоқал алуға рұқсат беру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, өзі көп әйел алуға қарсы болғанымен, елде жағдайы жақсы азаматтардың көбі екінші әйелмен бірге тұрып жатқанын жасырмайды. Сондықтан бұл мәселені заңмен реттеу қажет деп санайды.
«Заңдық, құқықтық тұрғыдан келер болсақ, де-юре, де-факто деген ұғым бар. Оны заңгерлердің бәрі біледі. Де-юре – бізде екі әйел алуға тыйым салынған, оны білеміз. Заңсыз деп саналады, жауапкершілік жоқ, бірақ тыйым бар. Де-факто – шенеунік емес, тіпті кез келген жағдайы бар азаматтың екінші, үшінші, тіпті төртінші әйелдері барын білеміз. Дін жолындағы азаматтардың басым бөлігі осыны қолдайтынын білеміз. Қазір көбінің ісі құтырғандықтың белгісі. Тоқалдыққа кілең жас қыздарды алады», – деді депутат.
Ол бұл мәселенің өзінде шикілік барын айтты. Яғни, ешкімнің әмеңгерлік жолмен үйленуге ниеті жоқ. Сонымен қатар, депутат тоқалдыққа жесір әйел емес, жас қыз алатындар көп екенін атап өтті.
«Құбылыс ретінде бұған қарсымын. Бірақ мен немесе сіз қарсы екенбіз деп тоқтап жатқан адам жоқ. Сондықтан тоқалдықты заңдастырып, заңмен реттеу қажет деп есептеймін. Заң бойынша екінші әйел алуға рұқсат беру керек. Құқықтық нигилизм деген ұғым бар. Ол – заңның қолжаулыққа айналуы дегенді білдіреді. Қазір бұл тыйымды ешкім сақтап жатқан жоқ», – деп қосты Абзал Құспан.
Депутат қазіргі ахуалды «құқықтық нигилизмнің» көрінісі деп атады. Оның сөзінше, «қолданыстағы тыйым бар, бірақ оны ешкім сақтамайды, сондықтан заңның өзі қолжаулыққа айналған».
Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында күйеуін өлтірген әйел сот үкімімен жазадан босатылды.
Жаңалықтар
- Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады
- Бішкекте ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Даниэль Рысалиев ұсталды
- Бектенов көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөнінде жиын өткізді: Көлік министрлігі сынның астында қалды
- Шымкентте өткен автофестивальда әзілкешті көлік қағып кетті
- Қалжалау дәстүрі: Қырық күн күтімнің жаңа форматы қандай?
- Яна Легкодимованы өлтіргендер әлі ұстау изоляторында: Этаптау үшін ұлттық ұланның арнайы қарауылы сұралған
- Қостанайда қайғылы жол апатынан 4 адам ажал құшты
- Астанада жыл басынан бері жол ережесін 61 рет бұзған BMW жүргізушісі ұсталды
- ҚМА: 78 жәбірленуші қаржы пирамидасына 110 млн теңге салған
- Державалардың таласы басталып кетті. Айға ұшудың мәні неде?
- Қаражат жинауға, мейрамханаға баруға тыйым салынады: Оқу-ағарту министрлігінің бітіру кешіне қатысты мәлімдемесі
- Шымкентте шетелдіктердің елге заңсыз кіруіне жағдай жасағандар ұсталды
- Орбан парламенттік сайлауда жеңілгенін ашық мойындады
- Димаш Құдайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды
- Полициядан қашқан: Астаналық мектеп оқушысы жүк пойызының төбесінен құлап кетті
- Жол үстінде есінен танып қалған жүк көлігі жүргізушісі құтқарылды
- Бавария 105 гол соғып, өз рекордын жаңартты
- Авиотын қымбаттады: Әлем және Қазақстан нарығы қандай жағдайда?
- Үш келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған түркістандық ұсталды
- Қазақстан үшін ғарыш — тек ғылыми сала емес, ұлттық мақтаныш, стратегиялық даму бағыты