Қытай консулдына жиналған адамдардың біріне жедел жәрдем шақырды
Азаттық
Шыңжаңда жоғалып кеткен немесе қамауға алынған этникалық қазақтардың туыстары Алматыдағы Қытай консулдығына 23-ші күн жиналып жатыр. Бұл туралы «Азаттық» хабарлады.
2 наурызда консулдық ғимаратының жанындағы пикетке алғаш рет қосылған Гүлпам Қазыбектің кеуде тұсы ауырып, артынша есінен танып қалды. Жедел жәрдем көлігі әйелді ауруханаға жеткізбек болған, бірақ ол есін жиып, наразылыққа қатысуын жалғастырды.
2017 жылдың желтоқсанында Қытай билігі 70 жастағы Гүлпамның анасын «дұға оқып, қоғамдық тыныштықты бұзды» деп айыптап, ұстап алып кеткен. Кейінірек әйел 15 жылға бас бостандығынан айрылды. Түрме дәрігерлері Гүлпамның анасының қан қысымының жоғары және жүрек ауруы бар екенін елемеді. 2018 жылы Қазыбек Қазақстанға қоныс аударып, келесі жылы азаматтығын алды. Анасы қамауға алынғаннан кейін Гүлпам оны әйелдер түрмесінде бір-ақ рет көрген.
— Түрме қызметкерлері үлкен аппарат арқылы көрсетеді. Анамды қол-аяғындағы кісенімен шығарады. Оның шашы қырқылған. Ол қалай қаша алады? Оның екі жағында екі күзетші бар, дейі ол.
Соңғы бірнеше аптада наразылық білдірушілер саны артып келеді. Оның жаңа мүшелерінің бірі, Нұржауар Мұхаммедханқызы жалғыз інісі «дұға оқығаны үшін» түрмеде отырғанын айтты.
— 50 жасында інім намазды бастады. Ол «бір жыл намаз оқығаны үшін» 12 жылға сотталды. Бұрын ол сотқа тартылмаған болатын. Іс бойынша ешқандай дәлел жоқ. Олар інімлі алып кеткелі үш жылдан астам уақыт өтті. Оны көрсетпейді, деді ол.
Акцияны полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар бақылап отыр. Өткен айда полиция наразылық білдірген екі адамды ұстады. Олар 10-12 тәулікке қамауға алынды.
Пикеттер төртінші апта қатарынан өткізіліп жатыр. Олардың қатысушылары Шыңжаңда ұсталған туыстары мен достары туралы ақпарат беруді, туыстарының пікірі бойынша, «қайта тәрбиелеу лагерьлерінде» немесе негізсіз түрмеде отырған адамдарды босатуға шақыруды талап етеді. Пикетке шыққандар өздерінің туыстары босатылмайынша митингтерге шығуды тоқтатпайтындықтарын айтады.
25 ақпанда ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандық дипломаттар қытайлық әріптестерімен екіжақты консулдық кеңес шеңберіндегі бейнеконференция барысында «екі жақта жүрген отбасы азаматтарын біріктіру мәселесін қозғады» деп хабарлады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық