Қыстық дөңгелекпен жүргендер 15 мың теңге айыппұл төлейді

cover

Жазда қысқы дөңгелектерін ауыстырып үлгермеген жүргізушілер айыппұл төлейді. Себебі бүртабан (шипы) асфальтта тайғанайды, ал «жабысқақтар» (липучка) күн ыстықта өте қауіпті.

Бұл туралы Orda.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті мен ҚР Жол ережесі жаз мезгілінде қысқы дөңгелекпен жүруге тыйым салады.

Жүргізушілерге Әкімшілік кодекстің 590-бабы бойынша 5 АЕК (14 585 теңге) айыппұл салынады.

Екінші рет ескерту алғандар 20 АЕК түрінде (58 340 теңге) айыппұл төлейді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар