«Үсіп қалған»: Ақмола облысында жоғалған ер адам өлі табылды

cover Фото: freepik.com

Ақмола облысы Ерейментау ауданында жоғалған ер адам өлі табылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Полицияның мәліметінше, 1 ақпан күні Ерейментау ауданы аумағында ер адамның жоғалғаны туралы ақпарат келіп түскен. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында хабар-ошарсыз кеткен адамның денесі табылды. 

57 жастағы ер адамның Балықты ауылында қолөнерші болып жұмыс істегені белгілі болды. Ол жұмыстан кейін үйіне қайта оралмаған.

Тексеру кезінде ер адамның денесінен зорлық белгілері байқалмады. Өлімнің алдын – ала себебі бойынша, ер адам суықта үсіп қалған. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар