Үндістанда «ҚазҮнді-2024» бірлескен қазақстандық-үнділік оқу-жаттығуы аяқталды

cover Фото: Gov.kz

Оқу-жаттығу шарасына Қазақстаннан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мен десанттық-шабуыл әскери қызметшілері қатысты деп хабарлайды Orda.kz.

Бірлескен оқу-жаттығудың бірінші кезеңінде тау дайындығынан сабақ өткізілді. Үндістанның «Сурья» полигоны тау кедергілерін еңсерудің әртүрлі элементтерін пысықтауға мүмкіндік берді. 

Парашютпен секіруде белгілі межеге дәл түсуді орындау міндеттерін қарулы күштері десанттық-шабуылдау әскерлерінің парашютшілері орындады. Жігіттер арасында парашютші-нұсқаушы ефрейтор Балжан Мұсатаева мен санитарлық нұсқаушы ефрейтор Маржан Сайранова да бар. Күрделі тау жағдайында қыздар межелі алаңға дәл секіріп түсуден жақсы нәтиже көрсетті.

Оқу-жаттығудың соңында терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелерін пысықтау кезінде екі ел әскери қызметшілері терроризмге қарсы күрестің неғұрлым өзекті әдістеріне назар аудара отырып, бір-бірінің осы бағыттағы жұмыс тәжірибесін көрді.  

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар