Үкімет ұсынған ҚҚС мөлшерлемесі тым жоғары – Тоқаев
Фото: Ақорда
Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуі өтуде. Жиынға елдің 11 ірі кәсіпкері қатысуда, олардың арасында жалғыз әйел – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова бар деп хабарлайды Orda.kz.
Кездесуде президент ҚҚС қатысты үкімет ұсынған мөлшерлеменің тым жоғары болғанын айтты.
«Үкімет ұсынған мөлшерлеме тым жоғары, бұл цифр жарияланғанда реакция өте өткір болды, кейде тіпті шамадан тыс меніңше, өйткені бұл әлі талқыланатын алдын ала ұсыныс еді. Мен Үкіметтің бұл бағыттағы жұмысын барлық тараптардың – бизнес, қоғам, кәсіпкерлер, сарапшылар – пікірлерін ескере отырып жалғастыруы қажет екенін ерекше атап өтемін. Біз осы жылы нақты шешімге келуіміз керек», - деді Тоқаев.
Кездесуге қатысқан отандық бизнес өкілдерінің тізіміне тоқтала кетейік:
- Қайрат Мәжібаев – «Resmi» компаниялар тобының президенті, «RG Brands» АҚ;
- Эдуард Огай – «Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы;
- Марат Сәрсенов– «Исткомтранс» ЖШС құрылтайшысы;
- Нұрлан Смағұлов – «Astana Group» холдингінің президенті;
- Үміт Шаяхметова – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ басқарма төрайымы;
- Арсен Томский – InDriver бас атқарушы директоры;
- Айдын Рақымбаев – «BI-Group» холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы;
- Жұмабек Жанықұлов – «Karazhal Operating» компаниясының тең иесі, ҚР Жұмыс берушілердің ұлттық конфедерациясы «Paryz» президиумының төрағасы;
- Кинтәлі Исламов – «Атамекен-Агро» АҚ басқарма төрағасы;
- Сергей Барон – «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС бас директоры;
- Райымбек Баталов– «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды