«Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды

cover Фото: Sana

Алеппо қаласының Ашрафия ауданында бес қабатты тұрғын үй құлады. Оқиға бүгін, 6 наурызда болған. Қазір сол жерде азаматтық қорғаныс топтары іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, үйінді астында шамамен 10 адам, оның ішінде жеті адамнан тұратын бір отбасы болуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz жергілікті Sana.sy басылымына сілтеме жасап.

Апаттар жөніндегі қызметтің басшысы Раид Әл-Салих Сирияның азаматтық қорғанысының арнайы техникалық топтары Алеппо қаласындағы Ашрафия ауданында құлаған тұрғын үйдің орнына жіберілгенін растады. 

«Азаматтық қорғаныс топтары үйінділерді тазалап, астында қалған адамдарға қауіпсіз жол ашу үшін жұмыс істеп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін», — деп жазды Раид Әл-Салих.

Оның айтуынша, оқиға орнына арнайы техникалық топтармен бірге іздеу-құтқару жасақтары және қызметтік иттер жіберілген. Сондай-ақ үйінділерді тазарту жұмыстарын жүргізу және адамдарға тезірек жету үшін ауыр техника тартылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құлаған ғимараттың маңындағы үйлер де эвакуацияланып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар