«Үй мәселесі»: Үлескерлерден ақша жинау тәртібі өзгереді
Фото: Pexels
13 тамыздан бастап күшіне енетін жаңартылған жүйе бойынша, тіркелу мен оның қаралу нәтижелері жүйе арқылы жеке кабинетте қолжетімді болады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Жаңартылған ережелер туралы құжат «Ашық НҚА» сайтында 13 тамызға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.
Өтінім мен ұсынылған құжаттарды тіркегеннен кейін, жүйе автоматты түрде жауабын жіберіп отырады. Бас тарту жайлы жауап берілу себебі — құжаттардың растығы, заң талаптарына сәйкес келмеуі немесе өтініш берушінің сотталғандығы болуы мүмкін.
Салынғалы жатқан жерден үй беру жайлы шешім шыққан жағдайда, жүйе автоматты түрде құрылыс объектісіне азаматты тіркейді. Егер рұқсатқа түзету енгізу қажет болса, құрылысшы жүйе арқылы өтінім жіберіп, өзгерістер мен растайтын құжаттарды қоса ұсынуы тиіс.
Жаңа жобада қажетті құжаттардың тізіміне де өзгерістер енгізілді. Егер құрылыс банктен қаржыландырылатын болса, құрылысшы екі жылда республиканың үлкен қалалары мен астанада кемінде 10 мың шаршы метр тұрғын үйді салғанын (басқа елді мекендерде кемінде 5 мың шаршы метр) растауы қажет. Егер үлескерлер қатысатын болса, талаптар үш жылда кемінде 30 мың шаршы метр және бұрын пайдалануға берілген объектілер бойынша 18 мың шаршы метр болуы керек.
Жаңалықтар
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіттері табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр
- Қазақстандық ғалым Шыңжаңда Абайды «дұрыс түсіндірмеді» деген айыппен сотталды
- Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада бақилық болды
- Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жағдайына байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы өсе түсті
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- Таяу Шығыс елдеріне 28 ақпаннан кейін рәсімделген турларға кепілдік берілмейді
- Алматыда ауаның ластанғаны ескертілді, мәслихат арнайы ереже қабылдады
- Спортшыларымыз халықаралық аренада бірнеше жарқын нәтиже көрсетті
- «Дамумед» жеке деректерді заңсыз пайдаланып, 66 миллион теңге залал келтірді
- Иран Сарапшылар кеңесі жаңа жоғарғы көшбасшы кім екенін мәлімдеді
- 9 бен 16 жас аралығындағы жас шахматшылар БАӘ-ден елге қайта алмай отыр
- Иранда жаңа жоғарғы көшбасшы таңдалды, бірақ аты аталған жоқ
- Біріккен Араб Әмірліктері Иранға алғашқы соққысын жасады