Wildberries иесі Татьяна Бакальчуктың күйеуі іздестірілуде
ФОТО: NVDAILY.RU
Құқық қорғау органдары Wildberries иесі Татьяна Бакальчуктың күйеуінің тұрғылықты жерінде тінту жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресейлік БАҚ тергеушіден Владислав Бакальчукке тінту жүргізу туралы өтініш алған дереккөздерге ғана сілтеме жасайды. Владислав Бакальчуктың тұрғылықты жерінде тінту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы ақпарат көздері хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, 18 қыркүйекте Мәскеу орталығындағы «Романов Двор» бизнес орталығында орналасқан Wildberries кеңселерінің бірінің жанында атыс болып, салдарынан екі адам қаза тауып, бірнеше ер адам жараланған. Сол күні «Динамо» метро станциясының жанындағы «Искра-Парк» бизнес орталығында орналасқан Wildberries компаниясының тағы бір кеңсесіне шабуыл жасалды. Полиция қылмыстық іс қозғады.
Атыстан кейін Татьяна Бакальчук ажырасып жатқанын және болған оқиғаға күйеуін кінәлі деп санайтынынын атты. Бакальчук болса, әріптестерімен келіссөз жүргізуге келгенін және шабуылға ұшырағанын мәлімдеді. Ол бұл оқиғаны «ауқымды арандатушылық» деп атады.
Кейін қауіпсіздік күштері оны ұстап, оған «Адам өлтіру», «Кісі өлтіруге оқталу», «Құқық қорғау органы қызметкеріне қару кезеу», «Озбырлық» сияқты бірнеше қылмыстық баптар бойынша айып тағылды.
РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Мәскеу соты жұма күні Wildberries кеңсесінің жанында болған атысқа қатысы бар 20 айыпталушыны қамауға алды. Бір күн бұрын алты айыпталушы 18 қарашаға дейін уақытша ұстау изоляторына жіберілсе, бүгін тағы 20-дан астам сотқа келіп түскен өтініштің 14-і бойынша қамауға алу ісі қаралуда.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды