WEF: Пандемияның басқа салдарын адамзат үш-бес жылдан кейін сезінеді

cover

WEF сарапшылары дайындаған «Global Risks 2021» баяндамасында коронавирус пандемиясы ғаламдық дағдарыстардың қайнар көзіне айналуы мүмкін делінген. Алдағы екі жылда жұқпалы аурулар мен халық арасында қаражаттың жетіспеушілігі салдарынан қауіп-қатерге айналуы мүмкін. Басқа қауіп-қатерлерге ауа райының күрт өзгеруі, киберқауіпсіздіктің бұзылуы және қуаттың сандық шоғырлануы жатады.

Пандемияның басқа салдарын адамзат үш-бес жылдан кейін сезінеді. Осы кезеңдегі қауіп-қатерлерге бағаның тұрақсыздығы, тауар нарықтарындағы күйзелістер мен қарыз дағдарыстары жатады.

Бес-он жыл аралығында жаппай қырып-жою қаруы, мемлекеттіліктің күйреуі, биоәртүрліліктің жоғалуы және табиғи ресурстардың жетіспеушілігі негізгі тәуекелдер ретінде аталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар