Вячеслав Ким Қазақстан таэквондо федерациясының президенті қызметінен кетті
Фото: masssaget.kz
Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады. Бұл шешім ұзақ ойлану мен барлық жетістіктерді бағалаудың нәтижесі, делінген ресми мәлімдемеде.
«2013 жылы Таэквондо федерациясына тағайындалғалы бері осы спорт түрін елімізде дамытып, танымал ету басты мақсатым болды. Осы жылдар ішінде біз бірге елеулі табыстарға қол жеткіздік деп мақтанышпен айта аламын. Күн сайын KFT командасы мен мен спортшыларымыздың өсуі мен дамуына жағдай жасау үшін жұмыс істедік.
Қазақстандық таэквондошылар халықаралық аренада лайықты нәтиже көрсетті және оларды алда бұдан да көп жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін. Біз Қазақстанның таэквондо тарихындағы бірінші халықаралық турнирді, Astana Grand Prix 2014 және Kazakhstan Open G-1 турнирін өткізе алдық, бұл бастамасы ғана. Бізде жоғары деңгейдегі турнирлерді өткізуге әлеуетіміз бен мүмкіндіктеріміз бар және бұл жол жалғасын табады деп ойлаймын», - деді Вячеслав Ким.
Атақты кәсіпкердің федерациядан кету туралы шешімі Қазақстан таэквондо командасының соңғы Олимпиададағы сәтсіз өнерімен байланысты болса керек.
Бірақ Тунис таэквондошылары жерлесіміз – ұлттық құраманың жаттықтырушысы Есбол Сұлтановтың жетекшілігімен осы араб елін күтпеген табысқа жетелеп, сәтті өнер көрсетті. Тунис тарихта алғаш рет Олимпиада ойындарында алтын және қола медаль жеңіп алғанын Есбол Сұлтанов айтып берген болатын.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды