Венесуэланың Жоғарғы соты Мадуроның президенттік сайлаудағы жеңісін растады
Фото: AP Photo/Cristian Hernandez
Венесуэла Жоғарғы сотының төрағасы Карислия Беатрис Родригес 28 шілдеде Николас Мадуро жеңген президент сайлауының нәтижелерін растады.
Бұл туралы жергілікті Venezolana de Televisión хабарлады.
«Ұлттық сайлау кеңесі жариялаған 28 шілдедегі президент сайлауының нәтижелері расталды, онда азамат Николас Мадуро Морос Венесуэла Боливар Республикасының президенті болып қайта сайланды», деді елдің Жоғарғы сот төрағасы.
29 шілдеде Ұлттық сайлау комиссиясы Николас Мадуроның 51% дауыс жинағанын және оны 2025-2031 жылдар аралығындағы үшінші мерзімге президент деп жариялағанын хабарлады. Алайда Венесуэла оппозициясы президент сайлауының нәтижелері бұрмаланды деп мәлімдеді. Елде наразылықтар басталды.
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, наразылық білдірушілер мен полиция мен әскерилер арасындағы қақтығыстан ондаған адам қаза тауып, жүздеген адам қамауға алынған.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды