Ұсталған LRT басшысы Тасмағанбетовке қарсы айғақ беруі мүмкін — БАҚ
Коллаж Orda.kz
LRT ісі бойынша Түркияда ұсталған Талғат Ардан жақын күндері Қазақстанға экстрадициялануы тиіс. DALA INSIDE дереккөзіне сенсек, Ардан тергеу барысында Иманғали Тасмағамбетовке қатысты айғақ беруі мүмкін. Егер бұлай болса, ол экс-шенеуніктің болашағы мен саяси жолына нүкте қоюы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
Иманғали Тасмағамбетовтің ҰҚШҰ басшысы ретіндегі өкілеттігі биыл аяқталады. Жаңа жылдан кейін ол бұл қызметпен қоштасуы керек. Алайда, Тасмағамбетов осы лауазымда жүрген кезінде Мәскеуге тиімді позицияны ұстанып, Кремльге жақын элитамен жақсы байланыс орнатқаны айтылып жүр. Сарапшылардың пайымынша, бұл болашақта, тіпті 2029 жылғы президент сайлауында да көмек болуы ықтимал.
«Талғат Арданның дәл қазір ұсталып, елге қайтарылуы жай ғана сәйкестік емес. Қажет жағдайда ол тергеуге Тасмағамбетовке қатысты айғақтар беруі ықтимал. Бұл билік тарапынан алдын ала жасалған тактикалық жүріс деуге болады» — дейді DALA INSIDE дереккөзі.
«Астана LRT» компаниясы 2011 жылы құрылып, оны басқаратын тұлға болып Талғат Ардан тағайындалған еді. Бұған дейін ол Астана әкімдігінің Көлік басқармасын басқарған. Компанияның мақсаты – астаналық көлік инфрақұрылымын жаңғыртып, жеңіл рельсті көлік желісін және интеллектуалды жүйелерді енгізу еді. Сол жылдары қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов болғанын ескерсек, тергеу аясын кеңейтіп, LRT жобасындағы қаржылық былықтарды жоғары деңгейдегі саяси фигуралармен байланыстыруға болады.
«Тасмағамбетов Мәскеуге нақты қандай уәде берді? Мәселе – осында. Егер ол «Қазақстанды Ресей мен Беларусьтің одақтық құрылымына қосамын, тек маған билік қажет» деген мазмұндағы ұсыныс айтқан болса, Кремль оны соңына дейін қолдайтыны сөзсіз. Мұндай жағдайда Арданның айғақтарын пайдалану — ұлттық қауіпсіздік мүддесі тұрғысынан ақтауға болатын қадам. Бұл бағытта Астана да барын салуға тиіс» — дейді дереккөз.
Еске сала кетейік, Астана LRT жобасындағы қаржы жымқыру дерегі бойынша іздеуде жүрген Талғат Ардан Түркия аумағында ұсталғаны туралы жазған едік.
Жаңалықтар
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема