Усман Дембеле 2024-25 жылғы Алтын доп иегері атанды

cover Фото: BBC

Усман Дембеле 2024-25 жылғы маусымда «Алтын доп» иегері атанды деп хабарлайды Orda.kz

Бұл рәсімде ең көп дауыс жинаған 3 ойыншы анықталды. Олар: Рафинья (Бразилия, Барселона), Усман Дембеле (Франция, ПСЖ) және Ламин Ямаль (Испания, Барселона).

Франция Ұлттық құрамасының және «Париж Сен-Жермен» клубының шабуылшысы өзінің карьерасын Франциядағы «Ренн» клубынан бастап, кейін Боруссия мен Барселона клубтарында ойын көрсетті. 2023 жылы 50 млн еуроға «ПСЖ» сапына ауысты. Алтын допты оған аты әлемге танымал бразилиялық Рональдиньо табыстады. Француз 2018 жылғы әлем чемпионы, ал 2022 жылы әлем чемпионатының финалына шыққанымен Лионель Месси бастаған Аргентина ұлттық құрамасына есе жіберіп, финалист болды. Биылғы 2024-25 жылдар аралығында Дембеле Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды және Франция чемпионаты мен Франция кубогын ұтып алды.

Тілге тиек етейік, 2021 жылы Әлем чемпионатына іріктеу кезінде Қазақстан Ұлттық құрамасы Францияға қарсы Астанада ойнап, 0:2 есебімен жеңіліс тапқан болатын. Астанада өткен бұл ойында Усман Дембеле 1 гол соқты. Ал қарымта матчта Қазақстан Ұлттық құрамасы 8:0 болып, ірі есеппен жеңілді. 

Ал Испания және Барселона шабуылшысы, 18 жастағы футболшы Ламин Ямаль жылдың үздік жас ойыншысы номинациясын алса, әйелдер арасынан Испания мен Барселона шабуылшысы Вики Лопес алды. Жеңімпаздарды хабарлаған Реал Мадрид пен Манчестер Юнайтед клубтарының экс-ойыншысы Рафаэль Варан табыстады.

Әйелдер арасынан жылдың үздік бапкері Сарина Вигман, ал ерлер арасындағы жылдың үздік бапкері биылғы чемпиондар лигасының жеңімпазы Луис Энрике алды. Бір қызығы «Алтын доп» табыстау рәсіміне бапкердің өзі келе алмады. Себебі рәсім кезінде Фрацияның ішкі біріншілгі Лига 1 чемпионатында ПСЖ мен Марсель арасындағы матч өтіп жатыр.

Жылдың үздік қақпашысы ерлер арасында ПСЖ-мен былтыр чемпиондар лигасын жеңіп, биыл ағылшындық Манчестер Сити қақпасын қорғап жүрген Джанлуиджи Доннарумма алса, әйелдер арасынан Челсидің қақпашысы Ханна Хэмптон иеленді. Марапатты табыстаған ұлы қақпашы Джанлуиджи Буффон.

Еске сала кетейік, биыл алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасына жолдама алған еді.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар